Алматыда жастарға арналған жеңілдетілген ипотекалық «Алматы Жастары» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау 1-15 маусым аралығында өтеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Өтінім қабылдау қашан басталады?
Өтінімдер 1 маусым күні сағат 09:00-ден бастап 15 маусым сағат 18:00-ге дейін қабылданады.
Құжаттарды kezekte.kz порталындағы «Тұрғын үй сервистері» бөлімінде орналасқан «Almaty Jastary» сервисі арқылы онлайн жолдауға болады.
Жүйеге кіру үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.
Бағдарламаның шарттары қандай?
Бағдарлама аясында жастарға төмендегідей жеңілдетілген шарттар ұсынылады:
Бағдарламаға кімдер қатыса алады?
Жобаға Алматы қаласында тұратын 35 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады.
Негізгі талаптар:
Бағдарлама денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салалары қызметкерлеріне, ЖОО мен ғылыми-зерттеу институттарының мамандарына, журналистерге, әлеуметтік сала өкілдеріне, құқық қорғау органдары мен коммуналдық қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ «Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасының жалға алушыларына арналған.