Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Тұяқбаев жасанды интеллектіні жаппай енгізу алдағы жылдары Қазақстанның еңбек нарығына айтарлықтай әсер етуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Сенаттағы брифинг барысында вице-министр бұл үдерістің елімізде енді ғана қарқын алып жатқанын атап өтті.
Қандай мамандықтарға қауіп бар?
Ербол Тұяқбаевтың айтуынша, Еңбек ресурстарын дамыту орталығы алдағы 10 жылға арналған еңбек нарығының болжамын жасаған. Соған сәйкес, жасанды интеллект жүйелерін кеңінен енгізу кейбір бағыттағы жұмыс орындарының қысқаруына әкелуі мүмкін.
Тәуекел аймағында, әсіресе, мына мамандықтар тұр:
Вице-министрдің айтуынша, мұндай бағыттар бойынша 300-400 мыңға жуық жұмыс орны қысқаруы ықтимал.
Мамандарды қайта даярлау жұмыстары басталды
Министрлік бұл сын-қатерлерді ескере отырып, мамандарды жаңа сұранысқа сай қайта оқыту жұмыстарын қолға алған.
«Жыл басынан бері 186 мың адамды басқа мамандықтарға қайта даярладық. Бұл жұмыс еліміздің барлық өңірінде қатар жүргізіліп жатыр», – деді Ербол Тұяқбаев.