Қазақстанда зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға арналған ең төменгі жеткіліктілік шегін (ЕТЖШ) есептеу әдістемесін қайта қарау жоспарланып отыр. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Қазіргі жүйенің кемшілігі неде?
Forbes Kazakhstan жазуынша, Қазіргі ереже бойынша жеткіліктілік шегі — азаматтың болашақта ең төменгі зейнетақыдан кем емес төлем алуын қамтамасыз ететін жинақтың ең аз көлемі. Есептеу кезінде ең төменгі жалақы (2026 жылға — 85 000 теңге), инвестициялық табыс мөлшерлемесі және жарналардың түсу жиілігі ескеріледі.
Алайда БЖЗҚ қолданыстағы жүйенің макроэкономикалық болжамдарға тым тәуелді екенін алға тартып отыр.
Қор мамандарының айтуынша, қазіргі әдіс болашақта жарналардың тұрақты түсуіне кепілдік бермейді және зейнетақы төлемдерінің мөлшерін төмендетуі мүмкін.
Жаңа тәсіл қандай болмақ?
Енді жеткіліктілік шегі халықаралық тәжірибеде қолданылатын актуарлық формула арқылы есептелмек.
Жаңа тәсілдің негізгі ерекшеліктері:
Еңбек министрлігі зейнетақы жинағының қатаң мақсатты бағыты бар екенін, оның басты міндеті азаматтарды зейнет жасында тұрақты әрі лайықты табыспен қамтамасыз ету екенін тағы да еске салды.
Бұл өзгеріс халықаралық ұйымдардың ұсыныстарына сәйкес зейнетақы жинағының "экономикалық негізделген" деңгейін қалыптастыруға бағытталған.