homepage
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда үш жаңа орден пайда болады

13.05.2026, 15:13

Қазақстанда тағы үш жаңа орден пайда болады.  Мәжіліс Қазақстанның мемлекеттік наградалары туралы заңға өзгерістер енгізу жөніндегі заң жобасын мақұлдады.

Құжатқа сәйкес, елімізде үш жаңа орден енгізіледі:

  • «Мейірім» ордені – меценаттық және қайырымдылықпен айналысып, осы салаға елеулі үлес қосқан азаматтарға табысталады
  • «Қожа Ахмет Ясауи» ордені - көрнекті қазақстандық және шетелдік ғалымдарға, сондай-ақ мемлекеттік және қоғам қайраткерлеріне беріледі
  • «Әл-Фараби» ордені - білім, ғылым, мәдениет және рухани даму салаларында жоғары жетістіктерге жеткен азаматтарға арналған.

Заң жобасы енді Сенаттың қарауына жолданды.

Еске салайық, наурыз айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қожа Ахмет Ясауи» орденін мемлекеттік наградалар қатарына енгізу туралы бастама көтерген болатын. Ал сәуірде Мемлекет басшысы «Әл-Фараби» орденін тағайындауды ұсынды. Бұл ордендер биыл алғаш рет Республика күні қарсаңында табысталады.