Миллиондаған оқырманы бар оралдық блогер Қолғанат Жұмабаевтың әйелі оны “педофилияға” қатысы бар деп айыптады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
ЕР АДАМНЫҢ КІШКЕНТАЙ ҚЫЗДАРҒА СЕЗІМІН БІЛДІРГЕН ХАТЫ ТАБЫЛҒАН
Блогердің жары Құлпынай Қанат әлеуметтік желіге жазба жариялап, қыздардың ата-аналарына үндеу жасады. Ол жасөспірімдерді қорғағысы келетінін, сондықтан жария түрде мәлімдеме жасауға тура келгенін айтты.
Белгілі болғандай, блогердің әйелі кездейсоқ күйеуінің телефонынан кішкентай қыздарға сезімін білдірген хаттарын тауып алған. Ол хабарламаның ішінде “Ғашық болып қалдым ғой”, “сұлуым”, “фотоңа қарай беремін” деген сынды сөздер жазылған.
Сондай-ақ Қолғанат Жұмабеков қыздардың аттарын «Айшам», «Тырысқағым» деп сақтап қойған.
ҚЫЗДАРДЫҢ БІРІ БЛОГЕРДІҢ АЗҒЫНДАУЫНА ҰШЫРАҒАНЫН ЖАЗҒАН
Артынша блогердің әйелі ажырасуға арыз берген.
“Ешқашан мен бұл адамның телефонын ақтарған емеспін. Өзімнен артық сенетінмін. Суреттерді жүктеп алайын деп телефонын ашқанымда, осындай жазбалардың еріксіз куәгері болдым. Әрі-бері айтпай-ақ қояйын деп едім. Айтуға енем жеткізіп отыр. Балам үшін айтамын, ажырасамын деп шештім”, – дейді блогердің жары Құлпынай Қанат.
Осы даудан соң қыздардың бірі блогердің азғындауына ұшырағанын жазған.
“Апай, бұл қыздардың арасында мен де болдым. Бұлар мені топтан шығарып жіберді. Ағай менің төсімді ұстады. Мен одан қорқамын. Қорқып, анама да айтқан жоқпын. Мына ағайды соттатыңызшы” делінген хатта.
Бұл жазбалар балалар құқығы бойынша уәкіл Динара Закиеваға жетті. Ол Құлпынай Қанаттың постына пікір білдіріп, жекеге жазғанын мәлімдеді.
БЛОГЕРДІҢ ӨЗІ НЕ ДЕЙДІ?
Оралдық блогер де бұл оқиғаға қатысты пікір білдіріп, арам ниеті болмағанын, ағалық махаббатын жеткізгенін айтты. Жұмабеков екі жасөспірім қыздың аналарын да шақыртып, видеоға түсірген.
“Мен талай жылдан бері кішкентай балалармен бірге видеолар түсіремін. Үлкен кісілермен де түсіремін. Әртүрлі контенттер түсіремін. Екі қыздың анасын да жақсы танимын, олар да мені таниды. Олармен үнемі байланыстамын. Екі қыз мені ағасындай құрметтеп, сыйлайды.
Айша сол күні басқа қыздармен ренжісіп қалған. Сол үшін құлағына сыбырлап, “ренжіспеңдер, тату болыңдар” деп жатқанымда фотоға түсіріп алыпты. Мен қыздардың ата-аналарына жазып, оларды сұрап аламын. Қарындастарымдай көріп “жаным, көкем” деп сөйлесемін. “Красавицасың” деп сөйлесемін, олар да “ағай, сымбатты болып кетіпсіз” деп қалжыңдайды. Арам ниетіміз жоқ”, – деді ол.
БЛОГЕРДІ ЖАҚТАП ШЫҚҚАН ҚЫЗДАРДЫҢ АНАЛАРЫ КЕЛІНШЕКТІ СОТҚА БЕРМЕК
Сол жайттан соң блоргердің өзі фотоға түскен екі қыздан әйелінен кешірім сұратқызған. Ал Құлпынай Қанат қыздардың аналарына жазып, ескерту жасайды.
Алайда қыздардың аналары да блогерді жақтап, ешқандай ерсі нәрсе жоқ екенін айтты.
“Ешқандай педофилды көріп тұрған жоқпыз, ол – ағасы. Хейт үшін жасап отырғанын білеміз. Қызымның фотосын желіге жариялағаны үшін сотқа беремін. Таңға дейін уақыт береміз, өшіріп тастаңыз. Кішкентай қыздардың кінәсі жоқ, оны ағасындай сыйлайды. Орамалдағы әйел күйеуінің жамандығын шығармауы керек. Әйел күйеуінің жамандығын жасырып, жақсылығын асыруы керек”, – деді ана.
ЕР АДАМ ӘЙЕЛІНІҢ ҮСТІНЕН ПОЛИЦИЯҒА АРЫЗ БЕРГЕН
Блогердің балаларға арналған барбершобы бар, арасында кішкентай балалармен видеолар түсіріп тұрады. Ал блогердің өзі бұрынғы әйелім жала жапты деп полицияға шағымданған көрінеді.
Айта кетерлік тағы бір жайт, Қолғанат Жұмабаев пен Құлпынай Калменованың Ясин есімді ұлы бар. Құлпынай Калменова осыған дейінгі жазбаларында ұлының шала туғанын айтып, гидроцифилия, рахит, кеуденің қисаюы, сүйек кемігінің биопсиясы сияқты ауру түрлеріне шалдыққанын айтқан.
“Ұлымның әкесі осы жүгіріп жүргенімді біледі, бірақ еміне деп бір тиын қосқан емес. Уайымдап жылағанымды да көрді. Оған бала керек емес. Ол блогер, видео түсіруді ғана ойлайды”, — дейді Құлпынай Калменова.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.