Ақтау гарнизонындағы әскери бөлім командиріне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Офицер мерзімді әскери қызметтегі сарбаздың қазасына әкелген салғырттық фактісі бойынша айыпталып отыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бас прокуратураның мәліметінше, сарбаз Жайғалиев Р. өз-өзіне оқ атқан. Алайда тергеу бұл қайғылы жағдайға әскери бөлім басшылығының қызметтік міндеттеріне немқұрайлы қарауы себеп болған деп есептейді.
Тергеу нұсқасына сәйкес, командир жеке құрамға тиісті бақылау жүргізбеген және қызметті ұйымдастыру барысында бірқатар заңбұзушылыққа жол берген. Соның салдарынан әскери қызметкердің қаруға қол жеткізуіне мүмкіндік туған.
“Қылмыстық іс бойынша қажетті сараптамалар жүргізіліп, материалдар сот қарауына жіберілді”, – делінген хабарламада.
Оқиғадан кейін бірқатар басшылар қызметінен босатылды
Аталған жағдайдан кейін барлау-шабуыл батальонында кадрлық өзгерістер болған. Атап айтқанда:
Сонымен қатар тағы 10 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.