homepage
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Шетелде қашып жүрген төрт қазақстандық елге қайтарылды - ҰҚК

13.05.2026, 11:18

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шетелдік арнайы қызметтермен бірлесіп, халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматтарын елге қайтару операциясын жүргізді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ведомство мәліметінше, 7 және 12 мамыр күндері террористік қылмыс жасады деген күдікке ілінген төрт қазақстандық шетелден Қазақстанға жеткізілген. Оларды ҰҚК арнайы жасағы алып келген.

“Күдіктілер ұзақ уақыт бойы шетелде жасырынып жүрген. Олар ҰҚК-нің іздестіру шаралары нәтижесінде ұсталды”, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған азаматтарға қатысты қылмыстық істер аясында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.