Өскемендегі “Қазмырыш” зауытындағы жарылыстан зардап шеккен тағы бір қызметкер ауруханада қайтыс болды. Компания марқұмның туған-туыстарына көңіл айтып, қажетті қолдау көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.
5 мамырдағы апат салдарынан бастапқыда екі адам көз жұмып, бес адам жарақат алған еді. Зардап шеккендердің бірі кейін санавиация арқылы Астанаға жеткізілген.
Қазір зауыттағы апат салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр. Оқиғаға байланысты мемлекеттік органдармен бірлескен тергеу жалғасуда.