Бишімбаевтар отбасы мен марқұм Салтанат Нүкенованың бауыры тағы соттасты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Дауға Айтбек Амангелдінің «Ее звали Салтанат» кітабы себеп болған. Қуандық Бишімбаевтың қарындасы – Аружан Бишімбаева Instagram-парақшасында оның әрекетін сынап, хайп жасап жүр деп айыптаған. Осыдан кейін Айтбек Амангелді ар-намысы мен беделіне нұқсан келді деп, сотқа жүгінген.
Сот шешімімен Аружан Бишімбаева әлеуметтік желідегі жазбасын жоққа шығаруға міндеттелді. Сонымен қатар ол Айтбек Амангелдіге 100 теңге моральдық өтемақы және 1 127 000 мың теңге сот шығынын өтеуі тиіс.
Еске салсақ, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның туысқан інісі Бақытжан Байжановқа қатысты сот үкімі шыққанына ертең тура екі жыл толады. 2024 жылдың 13 мамырында Бишімбаев 24 жылға, ал Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталған еді. Байжановтың жаза мерзімі кейін амнистияға байланысты қысқартылған болатын.