homepage
t.me/olympickz

Қазақстандық гимнастар үздік бестік қатарында

12.05.2026, 11:26

Болгарияның Варна қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынща, ат снарядындағы жаттығуда Роман Хегай 13,600 ұпай жинап, бесінші орынға тұрақтады. Ал Зейнолла Идрисов 13,133 ұпаймен алтыншы нәтиже көрсетті. Нұртан Ыдырысов сақиналардағы жаттығудың финалында 13,166 ұпай алып, бесінші орынды иеленді.

Қол тіреп секіру жаттығуының финалына шыққан Асан Сәлімов жарысты алтыншы орынмен аяқтады (13,583).

Ал кермедегі жаттығуда Роман Хегай 11,233 ұпай жинап, сегізінші орынға жайғасты.