Ұлттық қауіпсіздік комитеті сәуір айында полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп Алматы, Шымкент қалаларында және бірнеше облыста заңсыз қару айналымына қарсы арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Жедел-іздестіру шаралары барысында барлығы 63 қару тәркіленген.
“Оның ішінде төрт «Калашников» автоматы, 38 мылтық, 20 тапанша және «РШГ-2» реактивті шабуыл гранатометі бар.
Сонымен қатар төрт граната мен 188 оқ-дәрі алынған”, – делінген ҰҚК хабарламасында.
Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан облысында жалпы салмағы 346,5 келі болатын өнеркәсіптік жарылғыш зат табылып, тәркіленді.
Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша жедел-іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.