homepage
Фото: Ақорда

Тоқаев Нәлібаевты қабылдады

Бүгін, 13:32

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өнеркәсіпті дамыту және ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мәселелері жөнінде баяндалды. 

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев инфрақұрылымдық жобалардың сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді, отандық тауар өндірушілерді қолдауды және алдағы жылу беру маусымына дайындық шараларын бақылауды күшейту жөнінде тапсырма берді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қызылорда облысын басқарған Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметіне 6 мамырда тағайындалған. Ал, Сыр өңіріне әкім болып мәжіліс депутаты Мұрат Ергешбаев барған.