13-14 мамыр күндері Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Ақорданың хабарлауынша, Түркия президент Астанаға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келеді.
Сапар барысында екі ел басшылары қазақ-түрік қарым-қатынасының қазіргі ахуалы мен алдағы даму бағыттарын талқыламақ. Сонымен қатар президенттер Қазақстан-Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысына қатысады.
Ал, 15 мамырда Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммиті өтеді.
Кездесудің негізгі тақырыбы – Жасанды интеллект пен цифрлық даму мәселелері болмақ.