Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы Шалқар көлінде жоғалып кеткен 25 жастағы азаматты іздеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам 1 мамырда сапбордпен серуендеп жүрген кезде көзден таса болған. Құтқарушылар оның үстінде құтқару кеудешесі болмағанын хабарлады.
Іздеу шаралары бірнеше күнге созылды. Мамандар су астын қайта-қайта тексеріп, арнайы эхолот құрылғыларын қолданған.
Сонымен қатар көл аумағы қайықтармен қаралып, жағалау сызығы дрон арқылы бақыланған.
Құтқарушылар ер адамның мәйітін жағалаудан 200 метр қашық жерден тапты.