Қазақстанда коммуналдық және инфрақұрылымдық қызметтердің тарифтері алдағы уақытта біртіндеп өседі. Үкімет мұны инфрақұрылымды жаңғырту және салаларға инвестиция тарту қажеттілігімен түсіндірді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Тарифтер қай өңірлерде өсіп жатыр?
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, 1 сәуірде аяқталған үш айлық мораторий тарифтерді есептеп, оларды өңірлер бойынша кезең-кезеңімен енгізу үшін пайдаланылған. Қазірдің өзінде бірқатар өңірде өзгерістер байқалып отыр:
Үкімет бұл тәжірибе басқа өңірлерде де біртіндеп қолданылатынын атап өтті.
Ведомство бағалауынша, коммуналдық тарифтердің инфляцияға әсері 0,3%-дан аспайды.
Газ бен теміржол қызметтері де қымбаттауы мүмкін
Үкімет газдың көтерме бағасын көтеру мәселесін де қарастырып жатыр. Бұған жаңа кен орындарын игеру және салаға инвестиция тарту қажеттілігі себеп болып отыр.
"Біз сондай-ақ газдың көтерме бағасын көтеруді жоспарлап отырмыз. Бүгінгі таңда бізде газдың расталған қорына қатысты жағдай мәз емес. Мұндай көтерме бағамен жеке субъектілер газ өндіруге қызығушылық танытпайды, өйткені бұл олар үшін тиімсіз. Осының салдарынан, өкінішке қарай, біз газ қоры мен оны игеру деңгейі бойынша алдыңғы қатарлы елдердің тізіміне кірмей отырмыз", – деді Жұманғарин Үкіметте өткен брифингте.
Ресми болжамға сәйкес, 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап тауарлық газдың көтерме бағасы шамамен 33%-ға дейін өсуі мүмкін. Бұл инфляцияға қосымша 0,16-0,2% ықпал етеді.
Сонымен қатар теміржол қызметтерінің тарифін орта есеппен 12%-ға дейін көтеру қарастырылып отыр. Бұл шешім қабылданса, инфляцияға тағы 0,8% әсер етуі мүмкін.
Дегенмен Үкімет жалпы инфляциялық қысымды 0,3-0,5% деңгейінде ұстап қалуды жоспарлап отыр.
Министрдің айтуынша, тарифтерді бірден емес, кезең-кезеңімен көтеру халық пен экономиканы жаңа жағдайға бейімдеу үшін қажет.
«Біз негізгі инфрақұрылымды жаңарту және маңызды нысандарды реконструкциялау үшін теңгерімді шешім қабылдауға тырысамыз», – деді С. Жұманғарин.