homepage
Pexels.com

Хантавирус – әлемге таралу қаупі бар жаңа індет пе

08.05.2026, 12:09

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) MV Hondius круиздік лайнерінде хантавирус жұқтырған сегіз жағдай тіркелгенін хабарлады. Оның бесеуі зертханалық түрде расталған. Үш адам көз жұмған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Лайнердегі жағдай

ДСҰ мәліметінше, анықталған вирус – Andes virus. Бұл адамнан адамға шектеулі түрде жұғуы мүмкін жалғыз хантавирус түрі саналады. Мамандардың айтуынша, инфекция көбіне ұзақ әрі жақын байланыс кезінде тарайды.

Ұйым басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус жағдайдың маңызды екенін атап өтті. Алайда қазіргі таңда әлемдік деңгейдегі қауіп төмен деп бағаланып отыр.

Швейцария билігі де лайнер жолаушыларының бірінен вирус анықталғанын растады. Ол Цюрихтегі ауруханалардың бірінде ем қабылдап жатыр.

ДСҰ бірнеше елмен бірлесіп, жолаушылар мен экипаж мүшелерінің байланыстарын бақылауға алған. Сондай-ақ ұйым мамандары лайнерге жіберіліп, қосымша тексерулер жүргізуде. Бұдан бөлек, Аргентинадан бес елдің зертханаларына 2500 диагностикалық тест жеткізілген.

Вирус белгілері қандай?

Хантавирус инфекциясының жасырын кезеңі бір аптадан сегіз аптаға дейін созылуы мүмкін. Аурудың негізгі белгілері:

  • дене қызуының көтерілуі;
  • бас және бұлшықет ауруы;
  • жүрек айну;
  • іштің ауыруы;
  • құсу.

Ауру асқынған жағдайда жөтел, тыныс алудың қиындауы, өкпеге сұйықтық жиналуы, бүйрек жеткіліксіздігі және ішкі қан кету байқалуы мүмкін.

ДСҰ қазіргі уақытта бұл вирусқа қарсы арнайы ем немесе ресми вакцина жоқ екенін мәлімдеді. Сондықтан ерте медициналық көмек көрсету аса маңызды.

Алдын алу үшін мамандар кеміргіштермен байланысты азайтуға, азық-түлікті жабық сақтауғa, ластанған жерлерді залалсыздандыруға және қолды жиі жууға кеңес береді.