Ресейлік пропагандист, режиссер әрі тележүргізуші Тигран Кеосаян,клиникалық өлімді бастан кешіріп, комаға түсіп қалған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
МАРГАРИТА СИМОНЯН ЖЕЛІДЕ ЖАЗБА ҚАЛДЫРДЫ
Бұл туралы оның әйелі, RT телеарнасының бас редакторы Маргарита Симонян Telegram-каналында хабарлады.
Симоньян күйеуінің қазіргі жағдайы туралы бастапқыда жариия салмауды қаламағанымен, тілшілер қоңырау шала бастағандықтан ресми түрде мәлімдеуді жөн көрген.
«Менің күйеуім Тигран Кеосаян клиникалық өлімді бастан өткерді және қазір комада жатыр. Көпшілік білетіндей, ұзақ уақыттарн бері оның жүрегі ауыратын. Оның жансақтау бөлімінде жатқанын көрсетіп, жылап-еңіреп жатқан сәтімнен селфи жасай алмаймын, сондықтан әлеуметтік желіде ештеңе жазбаған едім.
Тигранның анасы да менің анаммен және бізбен бірге тұрады. Екі жыл бұрын үлкен ұлынан айырылып, енді кішісінің аман қалуын Құдайдан тілеп отырған әйелдің бүгінгі күйін айтып жеткізу мүмкін емес», - деп жазды Симоньян.
Айта кетерлігі, Кеосаян 2008 және 2010 жылдары еік рет инфаркт алған.
КЕОСАЯННЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА НЕ ҚАТЫСЫ БАР?
59 жастағы Тигран Кеосаян Қазақстанда «персона нон грата» саналады, яғни оның елімізге кіруіне ресми түрде тыйым салынған.
Кеосаян 2022 жылы НТВ телеарнасында өз шоуында Қазақстан туралы жағымсыз сөздер айтқан болатын. Ол «қазақстандықтардың кім екенін шешетін кез келді, әйтпесе оларды да Украинадағы жағдай күтіп тұр» деп доқ көрсетіп, халықаралық қарым-қатынасқа сай келмейтін мәлімдеме жасаған еді.
Сондай-ақ Ресей Украинаға басып кірген уақытта оған қарсы ЕО, Ұлыбритания, Канада және Австралия санкциялар салды.
Ал оның әйелі Маргарита Симонян жақында Қазақстан туралы пікір білдіріп, «бармалейлармен күресу үшін Қазақстанға орыс әскерлерін жіберсе бақытты болар едім» деп мәлімдеді.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.