homepage
Depositphotos.com

Қазақстанда алтын қымбаттады

07.05.2026, 15:57

Еліміздің бағалы металдар нарығында соңғы бір апта ішінде алтын құнының өскені байқалады. Ұлттық банктің 2026 жылғы 7 мамырға белгілеген ресми мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта бір грамм алтынның бағасы 68 086,45 теңгені құрап отыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz

Алтынның қымбаттауы тек ішкі нарықпен шектелмейді. Жаһандық биржаларда да баға жоғары деңгейде тұрақталған.

Сарапшылардың пікірінше, бұған геосаяси факторлар, атап айтқанда АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер төңірегіндегі жаңалықтар тікелей әсер етуде.

Соңғы мәліметтер бойынша, алтынның спот бағасы 0,1 пайызға өсіп, бір унциясы 4 692,45 доллар болған.

Ал алдыңғы сауда сессиясында бағалы металл шамамен 3 пайызға қымбаттаған.

Сонымен қатар АҚШ-та маусым айына арналған алтын фьючерстерінің бағасы да 0,2 пайызға көтеріліп, бір унциясы 4 701 долларға жеткен.