homepage
Ұлттық олимпиада комитеті

Әсем Орынбай - Әлем кубогының жеңімпазы

07.05.2026, 14:58

Алматыда өтіп жатқан стенд атудан Әлем кубогінің кезеңінде Қазақстан қоржынына алтын жүлде түсті. Отандық спортшы Әсем Орынбай әйелдер арасындағы «скит» жаттығуында қарсылас шақ келтірмей, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді, деп хабарлайды Juzmedia.kz

Әлемдік рекорд және финалдық тартыс

Финалдық кезеңде Әсем 33 ұпай жинап, керемет нәтиже көрсетті. Бұл көрсеткіш биыл ғана оның командаласы Адель Садақбаева орнатқан әлемдік рекордты қайталауға мүмкіндік берді.

Жарыс жолындағы жүлдегерлер тізімі төмендегідей:

  • Алтын: Әсем Орынбай (Қазақстан) – 33 ұпай;

  • Күміс: Итин Цзян (Қытай) – 30 ұпай;

  • Қола: Мартина Бартоломей (Италия) – 27 ұпай.

Президенттің құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спортшының асқан шеберлігін жоғары бағалап, оны айтулы жеңісімен құттықтады.

Президент Әсемнің Әлем кубогіндегі, Азия чемпионаты мен Азия ойындарындағы тұрақты табыстары елімізде нысана көздеу спортының деңгейі биік екенін дәлелдейтінін атап өтті.