homepage

Қазақ тілін әжуалаған Черчесов: Министрлік федерациядан түсініктеме беруді талап етті

Juzmedia. kz
15.10.2024, 17:13

“Министрлік бұл жағдайға бей-жай қарамай, Қазақстан футбол федерациясына ресми хат жолдады. Хатта мемлекеттік тілдің мәртебесі Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Тіл туралы» Заңына сәйкес жоғары тұратыны және оған барлық азаматтың құрмет көрсетуі керектігі айтылған. Сонымен қатар федерациядан осы оқиғаға түсініктеме беру және С.Черчесовпен мемлекеттік тілге құрмет көрсету туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу талап етілді. Біз мұндай жағдайлардың қайталанбауын қамтамасыз ету үшін федерация тарапынан тиісті шаралар қолданылуы керек деп санаймыз. Сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясы Министрлікке бағынысты ұйым емес екенін, тиісінше оның ішкі мәселелеріне араласа алмайтынын, дегенмен Қазақстандағы спорт саясатын қалыптастырып, жүргізетін ведомство болғандықтан, түсініктеме талап етуге құқылы екенін қаперге саламыз”, – делінген баспасөз хабарламасында. 

Ұлттық құраманың бас бапкері болып Магомед Адиевтің орнына Станислав Черчесов келді. 61 жастағы ол бұған дейін Венгрия мен Польша чемпионатының жетекші командаларын, сондай-ақ футболдан Ресей құрамасын басқарған.

Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Алматыда Словения құрамасымен ойыннан кейін өткен баспасөз мәслихатында қазақ тілінде сұрақ қойған журналиске "французша сөйлеп тұрсың ба?" деп жауап қатқан. Желі қолданушылары осыдан соң ресейлік бапкер Черчесовты "мемлекеттік тілді мұқатып, кемсітті" деп сынады.

Теги:

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.