Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Жеңістің 81 жылдығы қарсаңында жергілікті бюджет есебінен Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне біржолғы материалдық көмек көрсетілді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Мерекеге орай елімізде тұратын әрбір соғыс ардагеріне 5 млн теңгеден төленді. Жалпы алғанда, бұл төлемдер 32,9 мың адамды қамтыды. Олардың қатарында тыл еңбеккерлері, қаза тапқан жауынгерлердің жесірлері және соғыс салдарынан зардап шеккен азаматтардың отбасы мүшелері бар.
Сонымен қатар мемлекет тарапынан ай сайынғы әлеуметтік төлемдер де қарастырылған. 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша ҰОС ардагерлерінің орташа айлық төлемі шамамен 290 мың теңгені құрайды. Ал соғыс жылдары мүгедектік алған азаматтар үшін бұл көрсеткіш 300 мың теңгеден асады.
Қаржылай көмектен бөлек, ардагерлерге тегін шипажайлық ем, арнайы медициналық қызмет, тұрғын үймен қамтамасыз ету сияқты қолдау шаралары ұсынылады.