homepage
Видеодан кадр

Қазақстандағы ер адамдар саны қанша

06.05.2026, 17:55

Елімізде 10 044 673 ер азамат ертең Отан қорғаушы күніне орай құттықтаулар қабылдайды. Мереке қарсаңында ерлердің демографиялық және әлеуметтік көрсеткіштеріне қатысты деректер жарияланды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ерлердің жас құрамы мен өңірлік үлесі

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстандағы ер азаматтардың басым бөлігі еңбекке қабілетті жаста. Атап айтқанда,

  • 0–15 жас аралығында – 30,2%,
  • 16–60 жас аралығында – 56,5%,
  • 61 жастан асқандар – 13,3%.

Ерлер ең көп шоғырланған өңірлер қатарында:

  • Алматы қаласы – 1,1 млн,
  • Түркістан облысы – 1,1 млн,
  • Алматы облысы – 806,5 мың,
  • Астана қаласы – 785,4 мың.

Орташа есеппен ерлердің жасы – 31,1 жас, ал күтілетін өмір сүру ұзақтығы 72,19 жылды құрайды.

Еңбек нарығындағы ерлердің үлесі

2025 жылғы дерек бойынша, жұмыспен қамтылған халықтың 51,6%-ын ерлер құрайды (шамамен 4,8 млн адам).

  • Жалдамалы жұмысшылар арасында – 50,6%,
  • Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар арасында – 55,1%.

Салалар бойынша ерлердің үлесі мынадай:

  • өнеркәсіп – 16,5%,
  • көтерме сауда – 14%,
  • ауыл шаруашылығы – 12,4%,
  • көлік және қойма – 11,1%.

Сондай-ақ жеке кәсіпкерлердің 54,7%-ы – ер азаматтар. Ең белсенді еңбек жасындағы топ – 35–44 жас аралығы, бұл санатта 1,4 млн ер адам еңбек етуде.

Осылайша, ер азаматтар елдің демографиялық құрылымында ғана емес, экономикалық өмірінде де маңызды рөл атқарады.