Ақтауда бейтаныс бес ер адам көшеде кетіп бара жатқан жас қызды ұрып-соғып, көлікке күштеп отырғызып алып кеткен. Кейіннен олар қыз балаға есірткі беріп, түнімен зорлық-зомбылық көрсетіп, кредит рәсімдеткен соң қайтадан көшеге тастап кеткен. Аталған оқиғадан соң қыз бала өзіне-өзі қол жұмсап, қаза болған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ
Қоғам белсендісі Дина Таңсәрінің nemolchikz_official парақшасында жариялаған жазбасына сәйкес, жантүршігерлік оқиға фитнес-жаттықтырушы болып жұмыс істейтін бойжеткеннің жұмыстан кеш шығып, үйіне бар жатқан сәтінде болған.
Бес бірдей ер адамның өзіне көрсеткен қорлық-зорлығына шыдаамаған қыз бала оқиғадан соң үш күн өткен соң құрбысының көзінше 9-қабаттан тен құлап көз жұмған. Бұл оқиға туралы жергілікті БАҚ «қыз құлап қаза тапты» деген ақпарат берген. Полиция өзіне қол жұмсауға итермелеу бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
ТЕРЕЗЕДЕН СЕКІРІП КЕТКЕН
«Мереке қарсаңында марқұмның ағасы келген болатын. Қыз спортшы және фитнес-тренер болған. 14 мамыр күні жұмыстан соң үйіне жалғыз қайтып бара жатқан қызды бірнеше ер адам ұрып-соғып, күшпен көлікке отырғызған. Көзін байлап, оны қорқытып, түні бойы жанармай бекетінде ұстаған. Көліктегі зорлаушылардың бірі қызға қинап мефедрон берген. Оның әйелі, баласы бары анықталды. Таңға жуық жәбірленушіден оның телефоны арқылы 2 миллион теңге несие алдыртқан. Ең басты зорлаушы болған жайтты ешкімге айтпауын ескертіп, қызды қорқытып, қалаға тастап кеткен.
Бойжеткен оқиға туралы бірден құрбысына айтады. Құрбысы дереу қыздың ағасына хабарлаған. Қыздың ағасы бірден қылмыскерлер тоқтаған жанармай бекетін анықтайды. Сол уақытта қарындасына хабарласып, соңына дейін күресетінін жеткізген. Қыз да арыз жазуға келісімін береді. Бірақ сол мезетте-ақ қыз құрбысының көзінің алдында терезеден өзін тастап жіберген», - деп жазды Дина Таңсәрі.
ҚЫЛМЫСКЕРЛЕР ТУРАЛЫ ЖАҢА ДЕРЕК ЖАРИЯЛАНДЫ
ZTB NEWS инстаграм-паблигінің жазуынша, күдіктілердің бірі - 1991 жылы туған ер адам, үйленген, бала тәрбиелеп отыр. Тергеу кезінде ол алғаш рет мефедрон қолданып көргенін айтып, ештеңе есінде жоқ екенін алға тартқан. Ол кінәсін мойындамаған. Қалған төртеуі қылмыстың барлық егжей-тегжейін айтып берген.
Таң атқан соң қылмыскерлер қызды өзінің телефонынан екі миллион теңге несие рәсімдеуге мәжбүрлеген. Кейін бұл ақшаны базардағы таныстары арқылы шешіп алған.
Содан соң қызды қалаға әкеліп, біреуге айтса, өлтіретінін айтып қорқытқан.
"Өзіне қол жұмсамастан бұрын Алина бәрін құрбысына айтып берген. Құрбысы ағасына айтуға көндіреді. Алина қылмыскерлерді жазалау үшін соңына дейін баратынын айтқан. Ағасы бұл туралы анасына айтуды сұраған, бірақ Алина ұялған", - деді марқұмның әпкесі.
Бұл сұмдыққа көне алмаған қыз құрбысының көз алдында терезеден секіріп кеткен.
"Алина өз жұмысын жақсы көретін, саяхаттауды армандайтын. Бос уақытында кітап оқып, фильмдер көретін. Оның марафондардан алған медальдары көп", - деді әпкесі.
СОТ БҰҒАН ДЕЙІН ҚАНЕДАЙ ШЕШІМ ШЫҒАРҒАН?
Қыз баланың отбасы қылмыскерлерді барынша қатаң жазалауды талап етеді. Сот отырысы барысында судья тағылған айыпты қайта саралаған, оған басты себеп ретінде «қыздың соққыдан немесе зорлық-зомбылықтан немесе есірткі қолданғаннан емес, терезеден өзі секіріп кеткен кезде көз жұмғанын» алға тартқан. Осылайша, қылмысқа қатысушылардың әрқайсының әрекетіне қатысты баптар өзгеріп кеткен, бұл қазақстандықтардың жаппай наразылығын тудырған.
Соттың өзі жабық есік жағдайында өтіп, туыстары сот шешімін әділетсіз деп санап, апелляциялық шағым түсірген.
"Біз басты қылмыскерді өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етеміз. Қалған төртеуіне - 15-20 жылдан берсін", - дейді Алинаның әпкесі.
ПРОКУРАТУРА НЕ ДЕЙДІ?
Lada басылымының жазуынша, Маңғыстау облысының прокуратурасы қыздың өз-өзіне қол жұмсауына қатысты сот үкіміне қарсы шағым түсірген. Ведомство оқиғаға кінәлілерді жазалауды талап етеді.
Прокуратура мәліметінше, 2024 жылдың желтоқсанында Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты негізгі айыпталушыны 20 жылға, ал оның төрт сыбайласын жәбірленушіге қарсы жасалған қылмыстардың жиынтығы үшін 7 жылдан 8,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кескен.
Өз кезегінде прокурор жарыссөзде негізгі айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыруды, ал қалған қатысушыларды 15 жылдан 16 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрайды.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.