homepage
Depositphotos.com

Такси қызметіне талап күшеймек

06.05.2026, 09:49

Енді такси тасымалдаушылар жұмысын бастамас бұрын міндетті түрде жергілікті атқарушы органға хабарлама жіберуі тиіс,  деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Жаңартылған ережеге сәйкес, хабарламада көліктің нақты маркасы, мемлекеттік тіркеу нөмірі және шығарылған жылы сияқты нақты деректер көрсетілмек.

Сондай-ақ тасымалдаушылар автопаркін жаңартқан жағдайда — жаңа көлік қосқанда немесе көлік ауыстырғанда — осы мәліметтерді қайта енгізуге міндетті болады.

Экономика министрлігінен хабарлағандай, бұрын тасымалдаушылар нақты бір көлікке тіркелмейтін, бұл жол-көлік оқиғалары кезінде жауапты тарапты анықтауды қиындатып келген.

Енді енгізілген өзгерістер арқылы нақты көлік пен тасымалдаушыны жедел анықтау мүмкіндігі артады.

Мамандардың айтуынша, бұл шара жолаушылар қауіпсіздігін күшейтіп қана қоймай, заңсыз такси қызметінің үлесін азайтуға да ықпал етеді.