homepage
Gov.kz

Қызылордадан Ақордаға: Нәлібаев енді Премьер-министрдің бірінші орынбасары

06.05.2026, 09:24

Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды”, – делінген хабарламада.

Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

Қызмет жолы: 

Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.

1998-2005 жж. жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.

2005-2007 жж. – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары.

2007-2008 жж. – Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы.

2008-2013 жж. – Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі.

2013-2021 жж. – Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі.

2021-2022 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі.

2022 жылдың 7 сәуірінен бастап Қызылорда облысы әкімі қызметін атқарады.

Марапаттары:

«Құрмет» ордені/2011.

«Парасат» ордені/2016.

Қазақстанның құрметті құрылысшысы.