homepage
Фото: ашық дереккөзден

Ақордада ауыс-түйіс

05.05.2026, 12:55

Тоқаев өз әкімшілігінде ауыс-түйіс жасады. Айбек Дәдебайдың орнына Роман Склярды тағайындады. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Айбек Арқабайұлы Дәдебай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан босатылды”, – делінген Ақорда таратқан ақпаратта. 

Айбек Дәдебай ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы болып 2024 жылдың 6 ақпанында тағайындалған болатын. 

Р. Скляр бұған дейін Премьер-министрдің бірінші орынбасары лауазымын атқарды.