Тоқаев өз әкімшілігінде ауыс-түйіс жасады. Айбек Дәдебайдың орнына Роман Склярды тағайындады.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Айбек Арқабайұлы Дәдебай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан босатылды”, – делінген Ақорда таратқан ақпаратта.
Айбек Дәдебай ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы болып 2024 жылдың 6 ақпанында тағайындалған болатын.
Р. Скляр бұған дейін Премьер-министрдің бірінші орынбасары лауазымын атқарды.