homepage

Метапневмовирус індеті: Қазақстанда карантин шектеулері енгізіле ме

Juzmedia. kz
08.01.2025, 17:45

Елімізде метапневмовирус дерегінің тіркелуіне байланысты қазақстандықтарды карантин шектеулері енгізіле ме деген сұрақ алаңдата бастады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

ОҚУШЫЛАР ҚАШЫҚТАН ОҚИ МА?

Осыған орай Үкімет отырысынан кейін өткен брифинг барысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептердегі жағдай туралы пікір білдірді,

«Еліміздің білім беру жүйесі түрлі сын-қатерлерге жоғары дайындығын көрсетіп отыр. Бұл – коронавирус пандемиясы кезінде жинақталған тәжірибе. Сондықтан барлық колледж бен мектептер мұндай жағдайларға дайындалуға толықтай жабдықталған. Дегенмен алдымен Денсаулық сақтау министрлігінің шешімін күту керек деп ойлаймын», - деп атап өтті министр.

ДСМ ШЕШІМІ ҚАНДАЙ?

Осы орайда Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәселе бойынша ДДҰ жауабына орай шешім шығаратынын мәлім етті.

«Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына сауал жолдады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы үрейленудің қажеті жоқ екенін айтты: бұл вирус өзге елдерде де ондаған жылдар бойы бар және алдын алу шараларын қабылдау маңызды. Біз осы ұсыныстарды басшылыққа аламыз. Жалпы, бұл ДДҰ атап өткендей, сырқаттанушылықтың көбеюі кезінде жиі кездесетін құбылыс... Бұл - бәріміз бірге өтуіміз керек кезең», - деді ол.

Айта кетсек, бұған дейін Қазақстанда метапневмовирус жұқтырған 30 жағдай тіркелген болатын, оның 8-і Астанадан екені анықталды.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.