homepage
polisia.kz

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ Сайран көлінің жағасынан табылды

05.05.2026, 10:33

Жыл басынан бері 900-ден астам қару тәркіленген, оның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 74 қару да бар, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ішкі істер министрлігінің өкілдері мәлімдегендей, айналымнан төрт мыңнан астам оқ-дәрі алынған.

27-29 сәуір аралығында өткізілген "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасының екінші кезеңінде 67 дана атыс қаруы және түрлі калибрдегі 200-ден астам оқ-дәрі тәркіленген. 

“27 сәуірде Алматы қаласында полиция қызметкерлері Сайран көлінің жағасынан қаңтар оқиғасы кезінде қару-жарақ дүкенінен ұрланған қаруды анықтады.

Ішкі істер министрлігі ескертеді: заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде тапсыру қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатады. Азаматтарды заңсыз сақталған қаруды тапсырып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз үлесін қосуға шақырамыз, - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.