homepage
zakon.kz

Үш айда сыбайлас жемқорлыққа қатысты 300-ден астам қылмыс тіркелген

05.05.2026, 10:07

Елімізде ақпан-сәуір аралығында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 317 қылмыс тіркелген. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитет мәлім етті, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Анықталған фактілердің басым бөлігі парақорлық, алаяқтық және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану қылмыстарына қатысты болған.

“Қылмыстық істер аясында 226 адам күдікті деп танылды”, – делінген ведомство хабарламасында.

Тергеу нәтижесінде 198 қылмыстық іс аяқталып, оның 175-і сотқа жолданған.

Аяқталған істер бойынша мемлекетке келтірілген залал көлемі 4,2 млрд теңгені құраған.