Өскемен қаласында орналасқан зауыт аумағында төтенше жағдай болды. Алдын ала мәлімет бойынша, шаң ұстау цехындағы құрылғыда газ-ауа қоспасы жарылып, соның салдарынан өрт шығып, ғимараттың бір бөлігі ішінара опырылған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Қазіргі уақытта оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері жұмыс істеп батыр.
Оқиғаға байланысты жедел штаб құрылып, оның құрамына мемлекеттік органдар мен тиісті қызметтердің өкілдері кірді. Өрт «Казцинк» ЖШС аумағында оқшауланғаны хабарланды.
Құтқарушылар өртті толық сөндіру үшін конструкцияларды бөлшектеу және ошақтарға су құю жұмыстарын жалғастыруда. Сонымен қатар, зардап шеккендерді іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Зардап шеккендер туралы мәлімет
Алдын ала ақпарат бойынша, 4 адам медициналық мекемеге жеткізілген. Олардың жағдайы нақтыланып жатыр.
Оқиға орнына ТЖМ-нің 40 қызметкерә, 10 техника бірлігі жұмылдырылған. Өрттің жалпы аумағы әлі анықталып жатыр.