homepage
фото: ашық дереккөзден

Үдере көш: ауыл халқы азайып барады

04.05.2026, 19:30

Қазақстандықтар ауылдан үдере көшіп жатыр. Жыл басынан бері ауыл халқы 4 753 адамға азайып, 7,4 млн төмендеген. Ал, қала халқы 13,1 млн адамға жетті. Өсім 52 840 адам. 

2026 жылдың 1 сәуіріндегі мәлімет бойынша, Қазақстан халқы 20 547 909 адамға жетіп, үш айда 48 087 адамға өскен. Өсімнің негізгі бөлігі табиғи өсім – 42 879 адам, көші-қон айырымы – 5 208. Яғни, туу деңгейі өлім-жітімнен жоғары, ал елге келушілер саны кетушілерден басым.

Өңірлер арасында ең жоғары өсім Астанада тіркелді: елордада халық саны 23 579 адамға артып, 1,66 млн-ға жетті. Сондай-ақ Алматы (+10 949), Шымкент (+8 818) қалалары мен Алматы облысында (+9 833) өсім байқалады.

Ал, кей өңірлерде көші-қонның теріс сальдосы халық санының азаюына әкелді. Мысалы, Түркістан облысында жоғары табиғи өсімге қарамастан, халық 2 540 адамға кеміген. Осындай жағдай Жамбыл және бірқатар солтүстік, шығыс облыстарда да байқалады.

Жалпы, елдегі демографиялық өзгерістер халықтың ірі қалаларға шоғырланып жатқанын көрсетеді.