Шымкенттегі сыра зауытының 50 жылдығына орай, оның қазіргі иесі, кәсіпкер Тұрсын Алагөзов зауыт қызметкерлеріне 50 пәтер сыйлады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Жолдасының бұл жомарттығы туралы белгілі продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желіде хабарлады.
“Аңызға айналған кәсіпорынның елу жылдығына орай, тағы да ШСЗ-ның қызметкерлеріне – 50 пәтер. Сені мақтан тұтамын, махаббатым”, – деп жазды ол
Тұрсын Алагөзов қызметкерлер алдында сөз сөйлеп, басынан өткен қиындықтары туралы айтып, көзіне жас алған.
“Өмірдің сан белесінен өттім. Үш жыл бойы айына 200 мың теңге ғана таптым. Пәтер жалдап тұрдым. Мұның қандай қиын екенін білемін. Сол уақытта өзіме “егер бизнесімді қайтарсам, адамдарға көмектемесін” деп уәде еттім. Сондықтан, бүгін тағы мен пәтер сыйлаймын деп шештім. Мен толқып тұрмын”, – деді ағынан жарылған кәсіпкер.
Алагөзов мұның алдында 100 қызметкеріне пәтер кілтін табыстаған еді.