Экс-премьер Кәрім Мәсімовтің самурай қылышы 1 млн 587 млн теңгеге сатылды. «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» аукционды Sauda порталындағы 29 сәуірде ұйымдастырған. Қазір түрмеде отырған бұрынғы шенеуніктің тарихи жәдігеріне үш адам таласқан. Қылышты кім сатып алғаны белгісіз, деп хабарлайды Juzmedia.
«Қынаптағы самурай қылышы: жүзі болаттан, қынабы қара түсті материалдан, сабы сұр түсті металдан жасалып, бедерлі геометриялық өрнекпен безендірілген», – делінген лот сипаттамасында.
Аукциондағы бастапты бағасы 379 904 теңге тұратын қылышты сатып алуға үш адам өтініш білдіріп, бәрі саудаға қатысқан. Нәтижесінде жапон жәдігері бес есе қымбатқа сатылған. Шарт рәсімдеу кезінде соңғы құнға 16 пайыз мөлшерінде ҚҚС қосылады.
Бұд қылыш 2025 жылғы қарашада 542 719 теңгеге сатылған болатын, бірақ жеңімпаз төлем жасамағандықтан мәміле күшін жойды. 2026 жылғы ақпанда самурай қылышы 3 413 825 теңгеге сатылғаны да айтылған, бұл бастапқы 461 312 теңгелік бағадан 7 еседен астам жоғары. Алайда, шамасы, бұл мәміле де жүзеге аспаған.
Еске салайық, Кәрім Мәсімовтің Астанадағы зәулім үйі сатылымға шығарылғаннан бері бір жылдан астам уақыт өтті. Элиталық жылжымайтын мүлікті сатып алуға ниет білдірушілер табылмады, кейінірек ол Арнайы және инклюзивті білім беруді дамыту ұлттық ғылыми-практикалық орталығының балансына берілді. Алайда бұл ұйым да одан бас тартқан.