homepage
Juzmedia.kz

Жалға алушы пәтер ақысын төлемеген жағдайда не істеу керек

03.05.2026, 17:22

Жалға алушы «сәл күте тұрыңыз, кейін төлеймін» деп уәде бергенімен, төлемді апталап кешіктіретін жағдайлар жиі кездесіп жатады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Krisha.kz жазуынша, заңгер Бақыт Қасымбеков мұндай жағдайда қанша күту керек және ақшаны жоғалтпау үшін не істеу керек деген сұрақтарға жауап берді.

Жалға алушы төлемді кейінге қалдыруды сұраса қанша күту керек?

Заң бойынша арнайы мерзімі жоқ. Барлығын келісімшарт шешеді.

Келісімшартта 10–14 күннен артық кешіктіру ережебұзушылық деп жазылса, жалға беруші :

  • келісімшартты бұзуға,
  • пәтерді босатуды талап етуге,
  • қарызды өндіріп алуға құқылы.

Иесі жалға алушыны тек сот арқылы шығара ала ма?

2026 жылдың 1 шілдесінен бастап пәтер иесі жалға алушыны тұрғын үйден тек сот арқылы шығарады. Бұл ереже енді Конституцияда бар.

Бұл жаңа норма емес. Бұрын осындай ереже Азаматтық кодексте және «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңда болған. Қазір тек күшейді.

Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевтің айтуынша бұл өзгеріс ең алдымен меншік иелерінің құқығын қорғауға бағытталған.