Қазақстанда дәрігерлерді даярлау жүйесі жаңарады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың мәлімдеуінше, 2026 жылдан бастап медициналық білім берудің жаңа моделі кезең-кезеңімен енгізіледі. Бұл өзгерістер ең алдымен жаңа талапкерлерге қатысты болады.
Жаңа ереже талаптары қандай?
Жаңа жүйе бойынша 2026 жылдан бастап медициналық жоғары оқу орындарына түсетін студенттер 6 жыл университетте оқып, кейін 1 жыл интернатурадан өтеді.
Оқуды аяқтаған соң түлектер:
Сонымен қатар жаңа форматта «дәрігер-интерн» мәртебесі енгізіледі. Бұл – енді студент емес, белгілі бір тәжірибесі мен жауапкершілігі бар маман ретінде қалыптасқан кезең.
Айта кету керек, жаңа жүйе тек 2026 жылы оқуға түсетіндерге қатысты. Алғашқы түлектер 2033 жылы бітіріп шығады.
Қазіргі студенттер үшін не өзгереді?
Қазір білім алып жатқан студенттер бұрынғы жүйе бойынша оқуын жалғастырады:
Яғни, қазіргі студенттердің оқу мерзімі мен мансаптық мүмкіндіктері өзгеріссіз қалады.