homepage
olympic.kz

Азия кубогы: Қазақстан триатлоннан екі алтын медаль жеңіп алды

02.05.2026, 17:33

Филиппиннің Субик-Бей қаласында триатлоннан ересектер мен жасөспірімдер арасында Азия кубогы өтті, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, Қазақстан құрамасы жарысты төрт медальмен аяқтады.

Жасөспірімдер бәсекесінде Рамазан Әйнегов пен Алуа Нұрмұхамет алтын жүлде жеңіп алды.

Ал Валерия Шнейдер мәре сызығын екінші болып кесіп, күміс медальға ие болды.

Ересектер арасындағы сайыста қазақстандық Дарын Қонысбаев күміс жүлдегер атанды.