homepage
Depositphotos.com

Польшада тұтқындалған Қазақстан азаматы бостандыққа шықты

02.05.2026, 12:08

28 сәуірде Польшада ұсталған Қазақстан азаматы бостандыққа шықты. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияр мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Аталған мәселенің оң шешілуіне бірнеше елдің бірлескен әрі үйлесімді жұмысы ықпал еткен. Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекет басшыларына алғыс білдірді.

Мемлекет басшысы Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесіп, қиын кезеңдегі қолдау мен ынтымақтастық үшін ризашылығын жеткізді. Сондай-ақ, жағдайдың оң шешілуіне үлес қосқан Владимир Путинге де алғыс айтылды.

Бұдан бөлек, Президент Польша тарапының шешімін жоғары бағалап, Кароль Навроцкий мен Дональд Туск атына арнайы алғыс хат жолдамақ.