Қостанай облысында 21 жастағы Роман Юрцевич іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz агенттігі «Алау» басылымына сілтеме жасап.
Іздеу-құтқару жұмыстарына қатысып жатқан «Дос» еріктілер жасағының мәліметінше, 2004 жылы туған жігіт 2026 жылдың 26 сәуірінде жоғалып кеткен.
Жас жігіт Қостанайдан Алматыға жұмыс істеуге кеткен, алайда сол күннен бері байланысқа шықпаған.
Белгілі болғандай, оның жанында Пума атты иті болған. Иттің мойнында алтын түсті (тізбекті) қарғыбауы болған.
Із-түзсіз жоғалған азаматтың белгілері: дене бітімі орташа, бойы шамамен 180 см, көзі көк. Оң аяғында жылан оралған бас сүйек бейнесіндегі татуировкасы бар. Жоғалған сәтте қандай киімде болғаны белгісіз.