Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрамаларға арналған жаңа ойын формаларын таныстырды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Жаңа экипировка үйдегі ойындарға (сары түсті) және сырт алаңдағы (көк түсті) кездесулерге арналған екі жиынтықтан тұрады. Қазақстан құрамасы аталған бағдарлама аясында танымал компаниядан форма алған Еуропаның он ұлттық құрамасының қатарына енді.
Ұлттық құрамалар жаңа формамен алдағы екі жыл бойы өнер көрсетеді.
UEFA Kit Assistance Scheme - ұлттық қауымдастықтарды қолдауға бағытталған және олардың қажеттілігіне сай заманауи спорттық киіммен қамтитын бағдарлама. Бұл жүйе арқылы жеке дизайндағы экипировкаларды әзірлеуге және тапсырыс беруге болады.
Ұлттық құраманың жаңа формадағы алғашқы матчы маусымда өтеді. Қазақстан құрамасы жолдастық кездесулерде Армения және Венгрия құрамаларына қарсы алаңға шығады.