Түркістан облысы Төлеби ауданында нөсер жауынға байланысты Ақмешіт өзенінің деңгейі көтерілді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Соның салдарынан демалыс аймағы мен пикник аумағын байланыстыратын екі уақытша қолдан жасалған көпір шайылып кетті. Сондай-ақ Екпінді аумағындағы өткел зақымданған.
ТЖМ мәліметінше, оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар қауіпсіздік шараларын қолға алып, жалпы 81 адамды эвакуациялады.
“Оның ішінде Екпінді ауылынан 11 адам (7 бала), демалыс аймағынан 70 адам (20 бала) шығарылды”, – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта арнайы техника тартылып, уақытша өткел ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Зардап шеккендер жоқ, эвакуацияланған азаматтарға медициналық көмек қажет болмаған.