homepage
Getty Images

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобаларына инвестиция салды

01.05.2026, 14:29

АҚШ-тың президенті Дональд Трамптың ұлдары Эрик Трамп пен Дональд Трамп кіші Қазақстандағы вольфрам кен орындарын игеруге байланысты компаниялардың біріне ортақ иесі болды,  деп хабарлайды Juzmedia.kz

Financial Times басылымының жазуынша, 2025 жылдың тамызында олар құрылыс саласындағы Skyline Builders компаниясынан үлес сатып алған. Кейін бірқатар мәміле нәтижесінде бұл құрылым Kaz Resources компаниясының 20 пайыз үлесіне ие болған. Аталған компания Cove Capital инвестициялық тобымен байланысты.

Кейін Kaz Resources Cove Kaz Capital және Skyline құрылымдарымен біріктіріліп, Қазақстандағы жобаларды басқаратын ортақ компания құрылған. Жаңа біріккен компания Kaz Resources брендімен NASDAQ биржасына IPO шығаруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ 2025 жылы АҚШ-тың Экспорт-импорт банкі мен DFC Қазақстандағы вольфрам өндіру жобаларын қаржыландыруды мақұлдап, жалпы көлемі 1,6 млрд долларға дейін қолдау көрсетуге келіскен. Бұл жобалардағы бақылаушы үлес Cove Kaz Capital құрылымына тиесілі.

Дональд Трамп ұлының өкілі оның тек пассивті инвестор екенін, компаниялардың операциялық қызметіне араласпайтынын және мемлекеттік органдармен байланыс орнатпайтынын мәлімдеді.

Айта кетейік, 2025 жылдың қарашасында өткен C5+1 саммиті аясында Қазақстан мен АҚШ арасында 17 млрд доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойылған болатын. Кездесуге Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп қатысқан еді.