homepage
Ақорданың баспасөз қызметі

Қазақстан халқының этникалық құрамы қандай

01.05.2026, 10:21

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. 20,5 миллионнан астам қазақстандық бұл мейрамды татулық пен достықтың белгісі ретінде атап өтеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының жалпы саны — 20 532 240 адам.  

Қазақстандағы ең көп санды ұлттар тізімі мынадай:

  • Қазақтар – 14 664 202
  • Орыстар – 2 943 022
  • Өзбектер – 695 557
  • Украиндар – 367 547
  • Ұйғырлар – 309 164
  • Немістер – 222 890
  • Татарлар – 218 361
  • Әзірбайжандар – 157 568
  • Кәрістер – 120 821
  • Түріктер – 93 234
  • Дүнгендер – 88 165
  • Беларустар – 73 788
  • Тәжіктер – 61 307
  • Күрдтер – 52 077
  • Қырғыздар – 41 459