ҚР ІІМ ҚАЖК «№15 мекеме» РМК дерегінше, қызметтік тексеріс барысында қызметкерлер жұмысында заңбұзушылықтар анықталған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
“Ақ Жайық” басылымының жазуынша, барлығы 12 қызметкерге жаза қолданылды.
Олардың алтауы қатаң сөгіс алды, біреуіне сөгіс берілді, тағы біріне «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» жасалды.
Еске салсақ, 22 наурызда 52 жастағы сотталған азамат камераластары арасындағы жанжалдан кейін қаза тапқан еді.
Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігі бойынша іс қозғалды. Бұдан бөлек мекеме қызметкерлеріне қатысты ҚК 370-бабының 4-бөлігі («қызмет бойынша әрекетсіздік») бойынша бөлек тергеу жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін прокуратура колонияның жедел-режимдік жұмысында заң бұзушылықтар анықтап, кінәлілерді жауапқа тартуды талап еткен еді.