homepage
ISSF

Нысана көздеуден әлем кубогы кезеңі: Қазақстан құрамасы 3 алтын медаль алды

30.04.2026, 15:51

Каирде (Мысыр) жасөспірімдер арасында нысана көздеуден Әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, әлемдік додада Қазақстан құрамасы үш алтын медаль жеңіп алды.

Олег Носков турнирдің екі дүркін жеңімпазы атанды. Ол 50 метр қашықтықта мылтықпен жатып атудан алтын медаль иеленді.

Сондай-ақ Носков 50 метр қашықтықта мылтықпен үш қалыптан ату сайысында да үздік нәтиже көрсетті.

Ал Кирилл Цуканов 25 метр қашықтықта тапаншамен атудан бірінші орын алды.