homepage

Гүлмира Сатыбалдының апелляциялық шағымы: сот қандай шешім шығарды

Juzmedia. kz
06.01.2025, 15:53

Апелляциялық сот Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша шешім шығарды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Tengrinews.kz жазуынша, ақпаратты Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі растады.

"Іс апелляциялық сотта қаралды. Бірінші сатыдағы сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды. Сот шешімі заңды күшіне енді», - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Осылайша, сот үкімі бойынша Гүлмира Сатыбалды 12 жылын түрмеде өткізеді.

Еске салайық, Гүлмира Сатыбалдыға сот үкімі 2024 жылдың тамыз айының соңында шыққан болатын. Оған бопсалау, адамды бас бостандығынан айыру және озбырлық жасау деректері бойынша айып тағылды. Сот үкімімен Гүлмира Сатыбалды мүлкі тәркіленіп, қауіпсіздігі орташа мекемеде 12 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оның бұрынғы жүргізушісі Мәди Батыршаев 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ судья жәбірленушілердің азаматтық талап-арызын ішінара қанағаттандырып, одан 3  миллиард теңгеден астам материалдық шығынды өндірді.

Гүлмира Сатыбалды үшін бұл соңғы бірнеше жылдағы үшінші үкім. 2023 жылдың мамыр айында Астана соты оны озбырлық ажсау және адам ұрлау бойынша кінәлі деп тауып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. 2023 жылдың маусымында Қызылорда соты оны бөтеннің мүлкін иемдену және жымқыру дерегі үшін кінәлі деп тауып, жазасын 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына ұлғайтты.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.