homepage
Фото ашық дереккөзден

Бірнеше рет алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадицияланды

30.04.2026, 10:48

Бірнеше рет алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Ресей Федерациясынан экстрадицияланды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бас прокуратура хабарлауынша, күдікті 2023 жылы интернет сайттарында шетелдік көліктерді сату туралы көрiнеу жалған жарнамалар жариялау арқылы жеті азаматтың ақшасын иемденіп кеткен.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

“2025 жылғы шілдеде ол Белгород облысында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауымен елге экстрадицияланды”, – делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. 

Айып тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.