homepage
Видеодан кадр

Мамыр мерекелерінде ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді

30.04.2026, 09:37

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2026 жылдың мамыр айындағы мерекелік күндерге арналған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесін жариялады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Корпорация мәліметіне сәйкес, 1, 7 және 9 мамыр күндері барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар, сондай-ақ кезекші орталықтар жұмыс істемейді.

Ал 2 және 11 мамыр күндері тек кезекші орталықтар қызмет көрсетеді. Бұл күндері олар сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштер 12:00-ге дейін қабылданады, ал дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алуға болады.

Кезекші орталықтардың нақты тізімі ресми дереккөздерде жарияланған.