homepage
Видеодан кадр

Ақтөбеде тұрғын үйді заңсыз бөлген шенеунік 6 жылға сотталды

29.04.2026, 14:16

Ақтөбе облысында прокуратура мемлекеттік тұрғын үйді заңсыз бөлу схемасының жолын кесті, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Тексеру барысында «Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мекемесінің бұрынғы басшысы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, кезекте тұрмаған азаматтарға пәтер беруді ұйымдастырғаны анықталды.

Жалпы тізімге заңсыз 15 адам енгізілген.

Схема бойынша алдымен тұруға жарамсыз баспаналар рәсімделіп, кейін олар тұрғын үй комиссиясының заңсыз шешімдері арқылы жайлы пәтерлерге ауыстырылған. Кейін бұл үйлер жекешелендіріліп, сатылған.

2026 жылғы 29 сәуірде Ақтөбе қаласының №2 соты кінәлі тұлғаны 7 жылға бас бостандығынан айырды.