homepage
Видеодан кадр

Енді мұғалімдер артық есеп жүргізу міндетінен босатылады

29.04.2026, 12:19

Мәжіліс «Педагог мәртебесі және білім беру мәселелері туралы» заң жобасын және оған ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Құжаттар мұғалімдер құқығы мен мүддесін заңнамалық деңгейде күшейтуге бағытталған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Жаңа өзгерістерге сәйкес, мұғалімдерге енді есептілікті қағаз және электронды форматта қатар жүргізу міндеті жойылады.

Сондай-ақ мектептерде ұялы телефондарды пайдалану тәртібі бірыңғай ережемен реттеледі.

Заң жобасында педагогтер жауапкершілігі тек оқу процесі кезінде ғана қарастырылып, ал балалардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін ата-аналардың жауапкершілігі кеңейтіледі.

Сонымен қатар оқушыларды ғылыми жобаларға тарту жұмыстары жергілікті атқарушы органдар арқылы күшейтілмек.

Бұдан бөлек, Қазақстанда шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарын ашуға қолайлы құқықтық жағдай жасау қарастырылған.